30.03.2017, 9:30
Қараулар: 2
ҮЙДІҢ ШАТЫРЫН ТӨҢКЕРІП ТАСТАДЫ

ҮЙДІҢ ШАТЫРЫН ТӨҢКЕРІП ТАСТАДЫ

17636815_257793437963885_4177635972348763254_oБір аптадан бері Қазталов ауданында қатты жел тұрып, біресе жаңбырын, біресе қарын әкеліп, адамдарды мазалап тұр. Ал бүгін 29 наурыз күні таңертеңгі 7:00-ден солтүстік батыстан басталған қатты жел сағат 12-лерде күшейе түсті. Нәтижесінде Қазталов ауылының Шарафутдинов көшесінің №9 жеке кәсіпкер Сәуле Омарованың үйінің (дәріханасы бірге) шатырын қатты жел төңкеріп тастады. Абырой болғанда зақымданушылар жоқ. Ал төрт пәтерлік үй болып есептелетін бұл ғимаратты осыдан екі жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөңдеу жұмысы жүргізілген екен. Үй иесінің айтуы бойынша бұл жөңдеу жұмысына 4 млн. үстінде қаражат жұмсалыпты.
Жаңғыртудың сапасы екі жылға жетпей жатқанына қай мекеме жауапты екен?

Қайрат ЖАҚЫП