3.02.2017, 11:42
Қараулар: 13
ҚЫСТА ЖЕГЕН ҚАРБЫЗДЫҢ ДӘМІН-АЙ!..

ҚЫСТА ЖЕГЕН ҚАРБЫЗДЫҢ ДӘМІН-АЙ!..

16402889_239095999833629_6100251750464705653_oБала кезімізде ертегіні оқығанда: -Мәуелі бақтың ішін аралап жүргенде…-деген сөйлемдерді жиі кездестіретін едік. Сонда, -мәуелі бақ қандай екен? -деп ойлайтынбыз. Сондай мәуелі бақты ертегіден емес, Қазталов ауылының шетінде тұратын Ғарифолла ағамыздың ауласынан көргенде таң қалдық. Әрине, жаз айы болғанда тіпті әдемі болған болар еді. Бірақ ағамыздың өзі өсірген бау-бақша өнімдері бұның орнын толтырғандай болды.
Ғарифолла Ғаббасов ағамыз бау-бақша өсірумен және ауласын гүлмен көмкерумен баяғыдан айналысып келеді. Өткен жылы ол мемлекеттік бағдарлама арқылы несие қаржы алып, Сарыөзен жағасынан бау-бақша салды. Оның нәтижесі – мына суреттерден көріп отырғандарыңыздай. Біз жертөледен қақаған аязда әлі сапасы сол күйінде сақталып тұрған өнімдерін ақ қар үстіне қойып суретке түсірдік. Бұдан кейін ағамыздың дастарханында қарбыздың дәмін таттық. Дәмі тіл үйіріп тұр! Ағамыз: -Алла қосса жаз айында тағы да бақша салуды ұйғарып отырмын. Өзіміздің өнімімізге не жетсін?! –дейді.
Расында да жаз айында базарлардан шыққан тегі белгісіз, немесе клондалған бақша өнімдерін қымбат бағаға сатып алғанша, осындай жергілікті өнімдерді өзіміз өсірсек ұтар едік.
Айтпақшы, ағамыздың «мәуелі бағында» түрлі жеміс ағаштары жаз айында мол өнім беріп келеді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК