3.02.2017, 11:39
Қараулар: 18
35 ТҰРҒЫН ҚАБЫЛДАУДА БОЛДЫ

35 ТҰРҒЫН ҚАБЫЛДАУДА БОЛДЫ

16422938_239090763167486_6665039385327359717_o1 ақпан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, мекеме-кәсіпорын басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары «Ашық есік» күндері аясында Жалпақтал ауылында болып, мәдениет үйінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Үш сағатқа созылған шарада аудан басшысы 13 адамды, мекеме кәсіпорын басшылары 22 ауыл тұрғындары жекелеген сұрақтары бойынша қабылдады. Мәселен, аудан әкімінің қабылдауында Гүлбарам Сатиева, Күнсұлу Бисенғалиева, Эльмира Турманова, Гүлшат Танкубаева тұрғын үйме қамтылсақ деген өтініштерін білдірсе, Назгүл Мұстажапова, Гауһар Нұрмұханбет, Нұрайша Мақсотва тұрақты жұмыс сұрайтындықтарын айтты.
Қабылдауға келген азаматтар тарапынан өзге де мәселелер көтеріліп, түрлі ұсыныс пікірлер айтылды. Зейнеткер Бисенғали Айтжанов үйінің апатты жағдайда екенін, «Ленин» орденінің иегері, ұзақ жыл абыройлы қызмет атқарған Мұқас Айтжановқа ауыл ішінен кеуде мүсіні орнатылса, жеке кәсіпкер Ахметқали Қарағойшин ауданымыздағы игерілмей жатқан шабындық жерлерді алып жұмыстансам деген ойын білдірді.
Қабылдауға сондай-ақ кәсіпкер және ісін енді бастағалы келіп жүргендер де келді. Аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы, сала басшылары азаматтарға кәсіпкерлікті қолдау, дамытуға орай мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты түсінік жұмыстары жүргізілді. Көктеректік Зинайда Ажкеева қызының ветеринария саласының маманы екенін айтып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса ала ма деген сауал тастады. Сонымен қатар қабылдауда болған кейбір тұрғындар ауыл ішіндегі бұралқы иттердің көбейгендігін жайында арыз-шағымдарын айтты.
-Бүгін біз «Ашық есік» күндері аясында қабылдауға келгендердің көтерген мәселелеріне, әсіресе тұрғын үй мен тұрақты жұмысқа байланысты жан-жақты түсінік бердік. Айтылған мәселелер өз кезегінде шешілетін болады,-деді қабылдауда Нұрлан Бекқайыр.

Тұрарбек АҚМУРЗИН