3.02.2017, 11:33
Қараулар: 21
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАДЫ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАДЫ

16406497_238986163177946_1293721406052334002_n1 ақпан күні аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Елбасы үндеуін насихаттау мақсатында аудандық бастауыш партия ұйымы төрағаларының қатысуымен кезедесу өтті.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тоясов Елбасы Үндеуіндегі жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды екенін айтып, -Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады,-деді.
Сондай-ақ кездесуде бастауыш партия ұйымының төрағалары жыл бойына атқарылған жұмыстарына тоқталып, паритяның алда тұрған міндеттерімен танысты.
Кездесу соңында бастауыш партия ұйымының төрағалары түрлі сауалдар қойып, тиісті жауаптар алды.

Әсем БОЛАТ