3.02.2017, 11:31
Қараулар: 9
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

16463838_238972253179337_6468164382679245746_o31 қаңтар күні «Ашық есік күні» шарасы барысында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және салалық мекеме жетекшілері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 11 ауыл тұрғыны келді. Соның ішінде 4 адам жұмысқа орналасу мәселесімен болса, тұрғын үй мәселесі жөнінде 6 адам қабылдауда болды.
Осы мәселелерге орай адамдардың жұмысқа орналасуы үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу туралы түсінік беріліп, тұрғын үй мәселесі бойынша үй алуға кезекке тұру қажеттігі де айтылды.
Сондай-ақ қабылдауда болған кейбір ауыл тұрғындарының тұрғын үйлері апаттық жағдайда деп тану үшін қорытынды жасауға Орал қаласынан эксперт мамандарды шақырту арқылы шешілетіні ескертілді.
Жеке кәсіпкерлік ісін ашқысы келетін адамдарға қандай мүмкіндіктері бар екендігін түсіндіру тиісті мекемеге тапсырылды.

Әсем БОЛАТ