3.02.2017, 11:28
Қараулар: 6
ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16252084_238706876539208_8150088406913923100_o31 қаңтар күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен жастармен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары, ауылдық округ имамдары, жастар қатысты.
Кеңесте аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлан Кенжин, — аудандағы жастар ресурстық орталықтың округ жастары жетекшілерімен орталықтандырылғаны жөнінде және алдағы атқарылатын істері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Бостандық, Жаңажол ауылдық округтері бойынша жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары Қайрат Науханов пен Ерхат Бекмулдин сөз сөйлеп, жастар саясатын жүзеге асыруда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бірігіп жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.
Кеңейтілген отырыста БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Кенесары Нұршинов, -Бүгінгі таңда елімізде жастарға қатысты маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жоғарғы деңгейде іске асырылуда. Осы орайда аудан жастары қандай да болмасын бағдарламалардың жүзеге асуына атсалысып, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсетіп келеді. Бұның өзі жастар саясатының дұрыс бағытта дамығанын байқатады, -деді.
Кеңес соңында жастар өкілдері Елбасы Жолдауының үндеуіне қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұлдыз АСҚАР