3.02.2017, 11:24
Қараулар: 39
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАҒАН ЖОЛДАУЫ МЕН ҮНДЕУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАҒАН ЖОЛДАУЫ МЕН ҮНДЕУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16423101_238675126542383_6745107933559698372_o25 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арнайы үндеу жасап, 30 қаңтар күні Жолдау жолдады. Елбасы, Президенттің бірнеше өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беру туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Осыған орай 31 қаңтар күні Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен Үндеуін талқылауға арналған актив жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан жастары қатысты.
Жиналысты ашқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр еліміздің ертеңі үшін Жолдау мен Үндеудің маңызының зор екенін айтып, -Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге арналған. Сондай-ақ Президенттің биылғы Жолдауы ерекше болып отыр. Оның ерекшелігі, Президент өз Жолдауында жаңғыртудың үшінші кезеңіне көшетініміз туралы мәлімдеді, -деді.
Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, К.Меңдәлиев орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абылай Молдашев, «Нұр ана» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айсұлу Иманғалиева Елбасы Жолдауы мен Үндеуіне қатысты өз пікірлерін білдірді.
-«Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады.» -деді Елбасы өз Үндеуінде. Елбасының билік тармақтарының арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу жөніндегі бастамасын біз де құптаймыз. Еліміздің жаңа демократиялық қоғам құрудағы, «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асырудағы және мемлекеттік басқару жүйесін тиімді өкілеттіктерін құрудағы бұл өте тың бастама және керек бастама деп білеміз. Сонымен қатар ел Прездиентінің кеше ғана халыққа жолдаған Жолдауын оқып шықтық. Ондағы айтылған ойлармен де толық келісеміз, -деді сөз сөйлеушілер.
Жиын соңында айтылған мәселелер бойынша қарар қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ