3.02.2017, 11:20
Қараулар: 5
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҮЙДЕН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҮЙДЕН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

16300219_238407789902450_8104831544995431904_o 16422598_238407999902429_1287370458975525327_oМүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасы да өзінің әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы, олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері тиіс.
Осы орайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық орталық аурухана тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асырылуда. Соның айғағындай 30 қаңтар күні мүгедектерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қолжетімдікпен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері Қазталов ауылының мүмкіндігі шектеулі балалар, қозғалуы қиын I топ мүгедектерінің үйлеріне барып, кеңес беріп, қажетті емдік шаралар жүргізді. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне I топ мүгедегі Марлен Нұрғазиев сыртқа серуендеуге шығатын қоларба керек деген ойын білдірсе, Ақболат Ғазизжанов кіріп-шығуға қолайлы үй алуға көмек қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар тегін массаж жасау, жеке көмекші қажеттігі, үйден ем-дом қабылдауға мүмкіндік керектігі туралы да айтылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ