АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

«…ТӨРІНЕН КӨРІ ЖАҚЫН АУЫЛДАРЫМ, КЕМПІР-ШАЛМЕН КЕЛМЕСКЕ КЕТПЕСЕ ЕКЕН»

Күні , 540 рет оқылды

14937386_208124646264098_8735318769972563495_nАуылды асырап тұр қорасы әлі, Ауылдың не болады болашағы? Адам саны азайып бара жатыр, Көбейіп бара жатыр мола саны. Иә, бүгінгі күнде ауылдардың, соның ішінде шағын ауылдардың жағдайы күшті деуге келмейді. Іссапармен округтерге шығып, шағын ауылдарға ат басын тірегенде иесіз қалған үйлер мен құлаған қораларды жиі кездестіруге тура келеді. Тіпті сол ауылдардағы мәдени орындардың өзі тозығы жетіп, ескірген. Кейбір ауылдардың болашағы жоқ деп болжам да жасалғандары бар. Мына бір жәйтке күлкің келеді. Ана бір жылдары Сарыөзеннің жағасында орналасқан Жұлдыз ауылы болашағы жоқ ауыл қатарына ілігіп кеткен. Жері шүйгін, шөбі шалғын Сарыөзеннен нәр алған Жұлдыз ауылының болашағы жоқ болса, басқа ауылдарға не айтуға болады? Тіпті жалғыз батырымыз Ахмедияр Хұсайынов мектептің тозығы жетіп, ең болмағанда Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін пайдаланып, Батыр атындағы мектепті жөндеуге де қоя алмадық. Естіп жатырмыз, бұл ауылға мектеп салынады дегенді. Лайым да осы сөз шын болса екен. Енді қай ауылға барма кәсіптің негізгі көзі малдың тек еті мен сүті ғана пайдаға асып отыр. Мәселен, қой малын алайықшы. Оның терісі, жүні далада шашылып жатыр. Аудан орталығындағы бір күлкілі жәйттің куәсі болдым. Танысымның үйіне барып едім, жыпырайған ескі қорасының үстінде толған мал терісі мен жүн-жұрқа жиналып қойылған. Танысым айтады: -Көріп отырсың ғой, менің үйімде мал жоқ. Бірақ жаман қораның үсті толған тері мен жүн. Бұны кешке қарай үйдегі «Бөрібасар» тасиды. Оны қайда лақтырасың? Амалсыз қораның үстіне жинап, көлікпен арнайы орынға апарып тастаймын, -дейді. Жоғарғы газеттен оқығаным бар, қойдың терісінен неше түрлі киімдер тігілсе, ал оның сүйегінен құс шаруашылығына қажетті сүйек ұнын өндіруге де болады екен. Ал қойдың қиынан табиғи газбен пара-пар отын өндіруге де болады дейді. Міне, кәсіп қайда жатыр? Жиналыстарға бара қалсақ, бүкіл малдың атауын иеленіп алған түрлі бағдарламалар жөнінде айтылады да жатады. Бірақ сол бағдарламалар іске асуда ма? Сөзіміз дәлелді болсын, аудандық газетке толған бағдарламалардың қалай орындалып жатқаны жөнінде аудан әкімінің ауыл шаруашылығымен айналысатын орынбасары Нұретдин Құтхожин немесе ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановтың бір мақаласын көре алмай отырмыз. Әлде біз алмай жүрміз бе? Егер өздерінің қолдары шаруадан босамай жүрсе, ауыл шаруашылығының ардагерлері немесе бір емес екі дипломды қалтаға салып алып, маман болып отырған қызметкерлері бар емес пе? Соларға неге сараптама мақала жазғызбасқа? Сонда аудан тұрғындары, -Еее, ауданда осындай шаруалар бар екен ғой. Сол бағдарламаларды өзіміз пайдаланбай жүр екенбіз ғой, -деп ойланар еді. Бейімбет Майлин сонау Кеңес үкіметі құрылып жатқанда «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген. Ал қазіргі күнде «…Төрінен көрі жақын ауылдарым, Кемпір-шалмен келмеске кетпесе екен» деген ой келеді.

Жұлдыз АСҚАР


Тегтер:

Пікір қалдыру


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.