31.10.2016, 17:39
Қараулар: 15
КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТ ЖОЛЫ «ЖАРАМДЫ» МА?

КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТ ЖОЛЫ «ЖАРАМДЫ» МА?

14650328_203642153379014_3761217424376856497_n 14889744_203641936712369_3399939425294884497_oАудан орталығындағы көшелердің асфальтталып жатқанына жұрт қуанғаннан басындағы бөркін аспанға лақтырып, тіпті кейбіреулері «бөркінен де айырылып қалғандай» болды… Міне, қуаныш деп осыны айт!
Енді сол қуаныш су сепкендей басылды. Редакцияға аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Айдынбек Абитов, ауыл тұрғыны Нұрлан Құсайынов ренішпен келді. –Жол асфальтталды деп сонау Оралға шейін шулатып мақтап жазып жатырсыздар. Ал, оның сапасына көз жібердіңдер ме? Білмесеңіздер айтайық. Қара жамылғының астына қажетті төсеніштер төселген жоқ. Былайша айтқанда жол салу технологиясы сақталмай отыр.(Суреттерін алып келді). Қай жерден көрдіңдер, 10 күннің ішінде 3 шақырым жерді асфальттап тастайтынды?! Егер 10 күннің ішінде 3 шақырым жер асфальтталатын болса, Чапаевтан тартылып келе жатырған жол әлдеқашан Қазталов емес, Жәнібекке дейін жетпей ме? Олар жол салу технологиясын сақтау қажеттігінен және тексерудің болатындығынан жұмысты уақытымен жүргізуде. Көріңіздер де тұрыңыздар. Енді 1-2 жылдан кейін мына асфальт «шифер» болады да қалады. Сол кезде көлікпен жүріп, «селкілдегенде» жолды қабылдап алғандарға көптеген «рахмет» айтылатынын білесіздер, -деген ойларын жеткізді.
Ал, осы айтылған мәселеге аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов қандай жауап қайтарар екен?
-Технологиясы сақталған, жаааааа-раааам-ды, -деген жауап алар ма екенбіз?!

Мөлдір ӘНУАРБЕК