31.10.2016, 17:35
Қараулар: 6
ҚОРШАУ ҚЫСҚАРДЫ. ТЕРЕК КЕСІЛДІ

ҚОРШАУ ҚЫСҚАРДЫ. ТЕРЕК КЕСІЛДІ

14884446_203631973380032_7507525140484986874_oШарафутдинов көшесінің бойындағы отырғызылған жасыл желектерді бала кезімізден білеміз. Көкке жетпегенмен әйтеуір ауылға көрік беретіндей болып өсіп келеді. Бұл көшенің келбетінің келісіп тұруына барлық тұрғындар да мүдделі. Өйткені бұл көше біздің «Достық» даңғылымыз. Қала берді бетке ұстарымыз.
Ал енді, мына суреттен көріп отырғандай өсіп келе жатырған теректерді кесіп, оның қоршауын кішірейтіп, жол салып жатыр ма, су өткізіп жатыр ма белгісіз? Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, -жылдап өсіріп келе жатырған теректерді кесіп жол салады деген не масқара? Қоршау сынса қайта жөндеуге болады, ірге құласа оны да жөндеуге болады. Енді жылдар салып өсетін теректі бір мүдде үшін кесуге бола ма? Осыны қарайтын құзырлы органдар қайда?

Гауһар ӘДІЛЖАН