31.10.2016, 10:38
Қараулар: 7
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА «ТОЛАҒАЙ» СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА «ТОЛАҒАЙ» СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

14706937_203460146730548_6266752833404673527_o 14852997_203460236730539_5764092847652191044_o 14902791_203460150063881_3662793304960568814_o28 қазан күні аудандық спорт мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесіне арналған «Толағай» спорттық ойыны оздырылды. Спорттық шарада сөз алған жұмыспен қамту орталығының басшысы Қадер Нұрғалиев, ӘТВЕО –департаменті аудандық зейнетақы қорының басшысы Эльмира Сармалаева барлық әлеуметтік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыстады.
«Толағай» спорттық ойынында жарысқа қатысушы командалар «Су тасу», «Паровоз», «Қайық», «Нысанға доп лақтыру», «Робот», «Эстафета» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Ойын барысында шапшаңдылық пен ептілік танытқан «Регламент» командасы 1 орынды алса, 2 орын «Стандарт» командасы, 3 орын «Солерий» командасына бұйырды. Арнайы төрелік жасаған әділқазылар жеңімпаз командаларды алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлық табыстады.

Жұлдыз АСҚАР