31.10.2016, 10:10
Қараулар: 38
ҚАРАҚАТТЫҢ ЖЕҢІСІ – ӨНЕРІНІҢ ЖЕМІСІ

ҚАРАҚАТТЫҢ ЖЕҢІСІ – ӨНЕРІНІҢ ЖЕМІСІ

14632981_203446140065282_1710747644132078152_n26-27 қазан күндері «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында өткен «Дала дарыны» республикалық балалар арасындағы өнер байқауында жерлесіміз Қараөзен мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Қарақат Талғатова қатысып, лауреат атанды.
Байқауға әртүрлі бағыттағы өнер жанрынан 300-ге тарта үміткер қатысқан болатын. Ал, Қарақат «эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Лұқпан Жолдасовтың «Бала тілегі» әнін шебер орындап, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.
Кішкене кезінен киелі өнерді өзіне серік қылған Қарақаттың бойындағы талантын аша білген ұстазы Румия Әбдірахманованың еңбегі зор. Алдағы уақытта Қарақат Алматы қаласында өнер көрсететін болады.
Қарақаттың жеңісі – өнерінің жемісі!

«Ауыл айнасы» ақпарат