31.10.2016, 10:04
Қараулар: 72
«ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

«ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

14859644_202601123483117_11563928036696372_o 14859887_202602816816281_1976476323560805989_o 14876566_202601463483083_2070047074449860463_o 14876705_202601183483111_8143891371820887414_o 14883588_202602303482999_4400936344074483539_oӘже – немере-шөбере сүйіп, олардың бал күлкісіне, шаттығына кенеліп отырған жан болып табылады. Халқымыз – дүниеге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қанаттандырған асыл ананың өмірлік тәжірибесі де мол әрі ағайын-туыстың бірлігін, бір-біріне деген қамқорлығын сақтаушы ретінде оларға құрметпен қараған.
26 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Әже мен немере» сайысы оздырылды.
Бұндағы басты мақсат – жас ұрпақты ата- баба дәстүріне тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, баланы кішіпейілділікке, үлкен адамдарды құрметтеуге үйрету еді. «Әже мен немере» сайысына Гүлбаршын әже Самира немересімен, Аягөз әже Айару немересімен, Қалампыр әже Нұрайым немересімен, Орынай әже Жансерік немересімен, Шолпан әже Нұрберген немересімен, Гүлмай әже Айым немересімен, Надежда әже Исламбек немересімен, Тәнзила әже Дильназ немересімен, Ұлдаш әже Сұлтан немересімен қатысты. Олар «Тегін білу-тектілік» (таныстыру), «Сөз мәйегі – мақал», «Дәм-думан», «Қолөнер» және өнерден сайысқа түсті.
Нәтижесінде бостандықтық Қалампыр әже Нұрайым немересімен 1 орынды иеленсе, 2 орынды қарасулық Надежда әже Исламбек немересімен, 3 орынды қайыңдылық Шолпан әже Нұрберген немересімен жеңіп алды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқауға қатысушы басқа да үміткерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР