31.10.2016, 9:59
Қараулар: 12
БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

14633654_202627123480517_7803149732859984384_o26 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімінің отырысы өтті.
Отырыста 2017 жылға мерзімді баспасөзге жазылу бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева хабарлама жасады.
-Баспасөзге жазылу кезеңі саяси маңызы зор науқан. Себебі газет пен журнал беттерінде елімізде жүргізіліп жатқан саясат насихатталуда. 2017 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталып та кетті. Осыған орай бәріміз ынтымақпен бірлесе газет-журналдарға жазылайық, -деді Самал Қанапияқызы.
Сонымен қатар Қазталов аудандық пошта байланыс торабының бастығы Жанар Табылдиева осы мәселе қойылған бойынша сұрақтарға жауап берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК