31.10.2016, 9:54
Қараулар: 11
ӘСЕМ ДЕ, НҰРЛАН ДА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫН ҚЫЗДЫРА ТҮСТІ

ӘСЕМ ДЕ, НҰРЛАН ДА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫН ҚЫЗДЫРА ТҮСТІ

14853090_202574346819128_7832129329854667303_o 14859648_202568050153091_2380130271428119694_oАудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Әсем Болат өзінің ізденісімен жұртшылықтың ықыласына бөленіп келе жатырған жастардың бірі деуге болады. Түрлі тақырыпта қалам тербеуімен қатар, өзінің бойындағы түрлі мәдениет шараларды жүргізуде де көпшілік көңілінен шығуда. Күні кешегі сәйгүліктер туралы бейнебаянның да мазмұнды шығуына өзіндік үлес қосты. Ал, жастар форумында ашық пікірталас алаңын өзінің мәнерлі дауысымен, тапқырлығымен жарқырай көрінді. Әсем осындай қоғамдық жұмыстарға атсалысқаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин ресмиліктен «айығып», нағыз мәдени шараны жүргізушіге айналды. Міне, сондықтан екі замандасыма да еңбекте де, өнерде де табысты болыңыздар деймін. Ауданымызда сурет түсірумен айналысатын жастар көп. Ал, солардың ішінде бірі де, бірегейі де – Мерхат Ибатов деуге болады. Оның түрлі тақырыптағы түсірген суреттері адамдарды бейжай қалдырмайды. Бұл да өнердің бір түрі. Жастар форумында Мерхаттың суреттерінен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрушілер таңданыстарын жасыра алмады. Осындай ізденістері үшін Мерхат Ибатов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР