20.09.2016, 16:59
Қараулар: 6
ҚЫЗЫҚТЫ САЙЫС ОЗДЫРЫЛДЫ

ҚЫЗЫҚТЫ САЙЫС ОЗДЫРЫЛДЫ

14352242_187679004975329_4524817679315039113_o20 қыркүйек күні аудандық кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Ана тілің – ар-ұятың» атты зияткерлік ойыны оздырылды.
Қызықты өткен ойын барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, түрлі викториналық сұрақтарға жауаптар берді. Ойын нәтижесінде Қазталов орта мектебінің 4 сынып оқушыларынан құралған «Білгірлер» командасы 1 орынға, «Алғырлар» командасы 2 орынға ие болды. Осы сайыста үздік танылған Диляра Дәуренова мен Зухра Мақсотова арнайы дипломмен марапатталды.
Шара соңында сөз алған балалар бөлімінің меңгерушісі Меңсұлу Сейфуллина ойынға қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, қатысушыларды марапаттады.

«Ауыл айнасы» ақпарат