20.09.2016, 16:56
Қараулар: 17
МАҒАН ЕҢБЕК ЕТІП, ХАЛЫҚПЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН ҰНАЙДЫ,-ДЕЙДІ МАЙРА АПАМЫЗ

МАҒАН ЕҢБЕК ЕТІП, ХАЛЫҚПЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН ҰНАЙДЫ,-ДЕЙДІ МАЙРА АПАМЫЗ

14361404_187597018316861_5251468849263736058_oЕңбек – қашанда адамзат өмірінің арқауы. Қандай қызмет етсең де, ол сенің еңбекпен тапқан нанының тәттісі. Иә, біздің аналарымыз қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, жолдасының қас-қабағына қарап, балаларын бағып-қағып, сол кездегі қиын кезеңдердің бәріне шыдай білді. Тіпті, үйдің барлық шаруасын шалқытып, нағыз өз ісінің маманы ретінде қызметін де абыройлы атқарды.
Міне, сондай асыл аналарымыздың бірі – қазталовтық Майра Саматова. Майра апамыз сауда саласында 40 жыл бойы еңбек етіп келе жатыр. Апамыз жұмыс жасайтын «Сымбат» дүкеніне бара қалсақ, тұтынушыларды жылы шыраймен қарсы алып, шығарып салады. Майра апаның бойындағы ерекше қасиеті де осында жатыр.
— «Еңбектің наны тәтті» деп жатамыз. Бүгінде жастарымыздың бойында еңбекке деген талпыныс күштірек. Себебі қаладағы сауда орталықтарына бара қалсаң, өрімдей жас қыздар мен атпалдай азаматтарды көресің. Олар да қыстың қақаған аязына, жаздың аптап ыстығына төзіп, отбасын асырап күн көріп жүр. Міне, нағыз еңбек деген осы.
Мен өзім 1975 жылдан бері осы сауда саласында жұмыс жасап келемін. 1997 жылы жұмысшылар коорпорациясы жабылып қалды да, сол кезден бастап жекешелендірілген дүкендерде еңбек еттік. Аллаға шүкір, қазір осы тапқан еңбегіміздің арқасында осындай жағдайға жетіп отырмыз.
Қазір зейнеткерлік жаста болсам да, үйде отырмай, осы салада қызмет етіп келемін. Маған еңбек етіп, халықпен тығыз байланыста болған ұнайды, -дейді Майра апамыз.
Иә, расыменде маңдай термен тапқан ақшаны қай нәрсенің де өз игіліне жаратамыз. Осындай адал еңбектің дәмін татып отырған жылы жүзді, мейірімді Майрадай аналарымыздың қатары көбейе берсін демекпіз.

Жұлдыз АСҚАР