20.09.2016, 16:49
Қараулар: 11
ӘКЕ — ЖЕТІ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

ӘКЕ — ЖЕТІ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

14425456_187582864984943_1696302088472266115_oБұл фәниде дүниеге келген әрбір адамның тағдыры маңдайына жазылып келеді дейді. Кім білген? жазыла ма, жазылмай ма? Оны бір Алла ғана біледі. Алайда адамдар өз тағдырын өзі жасайды, өз тағдырына өздері қожа. Қала берді қамшының сабындай ғана қысқа өмірді мәнді де, сәнді де өткізу адамның өз қолында дейміз.
Менің бұл мақаламдағы кейіпкер өмірдің соқтықпалы жолдарынан барынша абыроймен өтіп келе жатқан азамат деп айта аламын. Өйткені, кейбір адамдар кездескен өмір қиындығына шыдай алмай морт сынып жүнжіп кетіп жатады. Тіпті олар өзінің отбасы түгіл қара басын алып жүре алмай, мына жарқын өмірден шапағат сәулені де сезе алмай қалады. Ондай адамдарды басқа жақтан іздемей-ақ қасымыздан да көріп жүрміз.
Жасұлан аға тағдыр тәлкегімен жеті баланы өзі тәрбиелеп өсіріп отыр. Біз көбінесе-көп бала тәрбиесін айтқанда ананың рөліне көбірек мән береміз. Алайда кейбір әкелердің ана орнына ана болып отыратынын, тіпті олардың нәзік жандылардан да артық балаға жан шуағын себетінін байқамай жатамыз. Жасұлан аға өзінің балаларына жан шуағын беріп отырған, былайша айтқанда «ӘКЕ» деген қасиетті ұғымды сездіріп отырған жан. Мектеп жасындағы балалары жауқазындай өсіп келе жатыр. Ал олардың тәртіптері қай жағынан алғанда да басқаларға үлгі болғандай. Міне бұл Жасұлан ағаның еңбегі.
Енді осындай шаңырақты шайқалтпай, балаларын жаутаңдатпай , ел қатарынан қалғызбай өсіріп отырған ӘКЕГЕ қоғамдық ұйымдар қандай көмектер көрсетуде?
Үйіне кірдім. Басқалар қызығын көріп отырған көгілдір отын жоқ. Жеті балаға тамақты Жасұлан аға электр плиткасымен пісіріп беріп отыр. Аздап ойланайықшы?! Өзіміз де қазан-ошақтың басында жүретін адамдармыз ғой. Сонда көгілдір отынды пайдалана отырып, күнделікті тамақ пісіруге үлгіре алмай жатамыз. Ал, Жасұлан аға жеті баланың мектепке уақытында баруы үшін үлгіреді. Ал, қыс айында үйді отынмен жылытуға да (жаз бойы қысқыға отын жинау) қаншама еңбек керек. Бірақ ағамыз бұның бірде-біреуіне мойымай келеді.
ЕНДІГІ АЙТПАҒЫМЫЗ –ҚАЗАН АЙЫ КЕЛЕ ЖАТЫР. ҚАЗАНМЕН БІРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕЛЕДІ.Улап-шулап бір қап астығымызды, бір тіркеме шөбімізді,КИЮГЕ ЖАРАМАЙ ҚАЛҒАН КИІМ-КЕШЕГІМІЗДІ ҚОЛТЫҚТАП АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ҚАРАЙ АҒЫЛАМЫЗ. БҰЛАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫС ЕТІП, ҚОЛДАРЫ ТИІП ЖАТСА БІЗ СИЯҚТЫ ТІЛШІЛЕРДІ БІРГЕ АПАРЫП, ШЫРТЫЛДАТЫП СУРЕТКЕ ТҮСІРІП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БӨЛЕНГЕНДЕРДІҢ АЛҒЫСТАРЫН ЖАУДЫРЫП ЖАТҚАНДАРЫН КӨПШІЛІККЕ ҰСЫНЫП ЖАТАМЫЗ. СОСЫН АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ПӘЛЕНШЕ КӨМЕК ЖАСАДЫҚ, ПӘЛЕНШЕ АҚША АУДАРДЫҚ, -ДЕП ҚҰЛАШ-ҚҰЛАШ ЕСЕП БЕРІП ЖАТАМЫЗ.
ИӘ, БҰЛ ДА ДҰРЫС БОЛАР.
Ал, жылда бір келетін қайырымдылық айлығында балаларын қаңғытпай, үй жарығын өшірмей отырған осындай Жасұлан сияқты ағаларға неге көмек бермеске? Неге үйіне көгілдір отынды тартып беруге қолдау жасамасқа? Шаңыраққа көгілдір отынды ел болып, тартып берсе күні ертең «КӘРІ ҚҰДАНЫҢ» қаһары келгенде мектептен келген бұл үйдің балаларының жылы үйде жандары жадырамай ма?! Жандары жадырай отырып, әке пісірген тәтті тамақты ішіп отырып, ел ағаларына балалық пәк жүректен шыққан тілектерін айтар еді.
КЕЛЕ ЖАТҚАН ТАУЫҚ ЖЫЛЫНДА КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРІҢІЗДЕРШІ,БАУЫРЛАРЫМ! –ДЕГІМ КЕЛЕДІ.

Жұлдыз АСҚАР