20.09.2016, 16:41
Қараулар: 6
БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

14352050_187337551676141_56777439902273452_o 14372065_187337558342807_3210537842301090350_o 14434816_187337555009474_1860320327788107576_o19 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында семинар өтті.
Семинарға «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков, ғылыми-зерттеу институтының бас әдіскері Амангелді Әміров, аталмыш институттың бас маманы, магистр Дәурен Кемешев және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.
Шарада сөз алған «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының» директоры Үмбетқали Жаңабеков бағдарламаның негізгі ережелері және оның жүзеге асу жолдарына тоқталып, бағдарламаның бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, жеке жұмысты ұйымдастыруға тигізетін көмегі жөнінде түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ семинарда магистр Дәурен Кемешев бағдарламаның ауылдық жерлерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырлары бойынша сөз өрбітті.
Семинар соңында арнайы тренинг өткізіліп, «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша тестілеумен қорытындыланды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА