20.09.2016, 16:33
Қараулар: 14
ҚАЙБОШЕВТЕРДІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

ҚАЙБОШЕВТЕРДІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

14310301_403351499789308_2284884020085199460_o 14372282_403351769789281_1422097669922075263_oАдам баласы еңбекпен көркейеді ғой. Соның ішінде қараобалықтар еңбек десе, жанып кетеді. Сөзіміз дəлелді болсын. Сонау Кеңес заманы кезінде ен жайлауды малға толтырған аға-апаларымыздың ісін бүгінгі күнде олардың ұрпақтары жалғастыруда. Үлкендер айтады:- Сол кезеңде 100 қойдан 150 қозы алған, 100 сиырдан 90 бұзау алғандарға үкімет жеңіл көлікті сыйға берген көрінеді. Ал бүгінде бұл үрдіс үзілді ме? Жоқ, үзілген жоқ екен. Осындай еңбек адамдарын құрметтеуді Мереке аға мен Лиза апа жалғастырып келе жатыр. Олар өздерінің шаруа қожалықтарында жұмыс жасайтын еңбек адамдарын əркезде де марапаттап отырады. Соның бір айғағындай бұрын еңбек етіп, бүгінде зейнет жасындағы аға-апаларды «Кенбай» қыстағына алып барып (сол жерде мал баққандар) ескі орындарын көрсетіп,сол жерде бүгінгі ардагерлер сонау-у-у жылдардағы жұмыс істеген уақыттарын еске түсіріп, бүгінгі буынға бата беріпті. Бұл да тəлім аларлық іс деп білеміз. Бұны аға ұрпақ пен бүгінгі жас буынның байланысы деуге болады. Бұдан кейін округ орталығында Қайбушевтер өздерінің еңбек адамдарын салтанатты түрде марапаттады. Соның ішінде біраз жылдан бері еңбек етіп жүрген Ерген Қалиевке жеңіл көліктің кілтін ұстатты. Ал қалғандары да елеусіз қалмай, сый -сыяпатқа ие болды. Міне, азаматтық! Енді мынаған назар аударайықшы. Шындығы керек, кейбір шаруа қожалықтары өздерінің малшы — шопандарына жарытымсыз еңбекақы төлеп, олармен ренішке барып жатады. Осының салдарынан ол шаруа қожалығының малы жоғалып жатады, немесе шаруалары жүрмейді. Əрине, малшылар бар ынтасын салып істемегесін не шаруа оңсын?! Ал Қайбошевтердей еңбек адамын құрметтесе, бəлкім барлық шаруа қожалықтарының да шаруасы дөңгеленіп кетер еді… Мен осындай адамдардың дауысын алғаныма, олардың аманатын арқалап жүргеніме бек қуаныштымын!

«Ауыл айнасы» ақпарат