6.06.2016, 16:14
Қараулар: 19
РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

13340345_1606571282987782_5744149473844441125_o 13392297_1606571179654459_3748142184804161131_o4 маусым – ел тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күнін ретінде мәңгі есте сақталды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Рәміздер күніне орай Жалпақтал ауылында велошеру ұйымдастырылды. Шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, жастар қатысты. Ұйымдастырушылардың пікірінше, шараны өткізудегі басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, велоспорттың дамуына жол ашу, жас және талапты спортшыларды анықтау. Бұл бастаманы ауыл жастары да қолдап, шеруге қатысып отыр.
-Төртінші маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің күні. Дәл осы мерекеге орай ауылымызда сан түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі, өздеріңіз қатысып отырған велошеру. Барлық қатысушыларға зор денсаулық, сәттілік тілеймін. Жалынды жастарымыз әрдайым осындай спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстанса, дені сау ұрпақ тәрбиелей аламыз, — деп жылы лебізін білдірді округ әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин.
Мәдениет үйінің алаңынан бастау алған велошабондоздар Байқоңыр көшесін бойлап, С.Ақсыйқов, С.Датұлы, Д.Фурманов, К.Меңдәлиев көшелері арқылы мәдениет үйінің алаңына табан тіреді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН