6.06.2016, 16:11
Қараулар: 22
ЕҢ БАСТЫСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

ЕҢ БАСТЫСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

13391517_1606197006358543_5594047402316501576_o 13403360_1606196846358559_1663843842258801762_oЖаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, -деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Мектеп оқушыларының жазғы демалысы — олардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ойы мен бойының өсіп, кемелденетін шағы. Жазғы демалыс уақыты басталысымен мектеп жанынан ашылған лагерьлердің жұмыстары қыза бастады.
Ауданымызда балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 демалыс лагері – Қайыңды, Ақпәтер, Жаңажол ауылында «Ақкөл» және Қошанкөл ауылында «Алау» лагерьлері жұмыс істейді.
1 маусымнан бастап лагерьлер балаларды демалысқа қабылдай бастады. Осыған орай 5 маусым күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров лагерьлерді аралап, олардың жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда бұл лагерьлерде 118 бала демалуда. Балалардың демалысын жақсы өткізу мақсатында бар жағдайлар жасалған. Олар бос уақыттарында түрлі эстафеталық ойындар ойнап, ауылдағы мұражаймен танысып, қолөнермен де айналысады.
-Ең бастысы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы назардан тыс қалмауы керек, -деді аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы. Осы айтылған мәселеге байланысты ауылдық округ әкімдері мен лагерь жетекшілеріне тапсырмалар берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК