6.06.2016, 16:04
Қараулар: 18
ҚАРАСУЛЫҚТАР «ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДА ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰСЫНДЫ

ҚАРАСУЛЫҚТАР «ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДА ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰСЫНДЫ

13308588_1605855589726018_8448529376642800560_o 13323729_1605855316392712_762611252573485963_o4 маусым күні «Достық» саябағында «Бейбітшілік пен келісім» жол картасы мегажоба аясында Қарасу ауылдық округі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтті.
Мегажобаның ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева,-Рәміздер күнімен құттықтай келіп, естелік кітапшаны Қазталов ауылдық округінен Қарасу ауылдық округіне табыстау рәсімін жасады.
Бұдан кейін өнерпаздардың концертін қазталовтық көрермендер және ауданымызға Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге еліміздің әр өңірінен келген комиссия мүшелері тамашалады. Сонымен қатар осы мегажоба аясындағы концертке аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және қоғамдық ұйым өкілдері де қатысты.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА