6.06.2016, 16:01
Қараулар: 26
КӨК ТУЫМ КӨТЕРІЛДІ БАҒЫМ ЖАНЫП…

КӨК ТУЫМ КӨТЕРІЛДІ БАҒЫМ ЖАНЫП…

12031434_1605664089745168_3876461723521288408_o 13308411_1605664513078459_5899997866901430445_o 13308644_1605664566411787_8793097005407317404_o 13323795_1605664339745143_8069936235632250644_o 13340133_1605664519745125_6875633498696851076_oМемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Біздің бүгінгі рәміздеріміз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, еліміздің қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
4 маусым күні орталық алаңда Рәміздер күніне арналған мерекелік шара оздырылды. Мерекеге жиналғандарды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтады. Салтанатта мемлекеттік рәміздерді тиісті талаптарға сай орнатып, үнемі насихаттап жүрген ішкі істер бөлімі, тәрбие орталығы, саз мектебі, Қазталов орта мектебі, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, аудандық кітапхана, туризм орталығының басшыларына алғыс хат табыс етілді. Осы мерекеге арналған мекеме ұйымдардың 5 шақырымдық велошеруі ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер, жастар ұйымы да бұл шеруге белсене ат салысты.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат