6.06.2016, 15:54
Қараулар: 12
ҰБТ ӨТТІ. АУДАН БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ – 123 БАЛЛ

ҰБТ ӨТТІ. АУДАН БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ – 123 БАЛЛ

13301525_1605247863120124_4638978859084139654_o3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде түлектердің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі өтті.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге аудан бойынша 282 түлек қатысты.
«Алтын белгіге» үміткер 19-ның 5-і үмітті ақтады. Олар – К.Меңдәлиев мектебінен Сержан Хамидуллин – 123 балл; Қоныс орта мектебінен Данагүл Айтқалиева – 113 балл; Жаңажол орта мектебінен Еркебұлан Ғилманов – 104 балл; Қазталов орта мектебінен Римма Нұржанова – 112 балл; Ғ.Молдашев мектебінен Ғилым Бақытжан – 111 балл.
«Алтын белгіден» үміткерлер 19-дың 1-уі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткер 5-інің 1-уі қорғап, аудан бойынша барлығы 2 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші – 78,83 пайызды құрады. Сондай-ақ К.Меңдәлиев мектебі – 95,38 пайыз, Талдыапан мектебі – 89,39 пайыз, Ғ.Қараш мектеп-гимназиясы – 87,47 пайыз көрсеткішті құрап, көш бастады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ