6.06.2016, 15:52
Қараулар: 24
«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ РӘМІЗДЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ РӘМІЗДЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

13308213_1605208383124072_2336603991632292534_oЕгеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда «Мемлекеттік рәміздер» күні болып белгіленді. Бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Осы мерекеге орай 3 маусым күні аудандық кітапханада 4 маусым – «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай «Қазақ елінің рәміздері» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада сөз алған Қазталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев мемлекеттік рәміздер туралы және мекемелердегі рәміздердің заң жүзінде дұрыс қойылуы туралы жан-жақты мәліметтер беріп, пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар шараға мемлекеттік рәміздердің құрдастары келіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ шарада мемлекеттік рәміздер туралы бейнетаспа да көрсетілді.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА