6.06.2016, 15:43
Қараулар: 31
МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ ТАПСЫРУДА

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ ТАПСЫРУДА

13308298_1605070329804544_4343998246931828903_o3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің базасында ауданның мектеп бітіруші түлектері Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруды бастады. ҰБТ-ның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілесе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Батырхан Төлегенов, — ҰБТ-ның тиісті талаптарын айта келіп, мектеп түлектерінің табысқа жетуіне лебізін білдірді.

Аудан бойынша 11 сыныпты 422 түлек аяқтап, бүгінгі олардың 282-сі ҰБТ-ға қатысуда.
Түлектеріміздің 19-ы «Алтын белгіге» және 5-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер.

Жұлдыз АСҚАР