6.06.2016, 15:38
Қараулар: 6
«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

13305252_1604544293190481_4834071135065562235_o 13316927_1604544566523787_2408345692125628840_o 13323265_1604543979857179_7149432961044710694_o 13340062_1604543639857213_704876053236278643_o1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Достық» саябағында «Біз бақытты баламыз» атты аудандық орталықтандырылған кітапхана мен жастар кеңесі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Кеште сөз алған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Шаканаева сөз алып, барлық бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.
Кеш «Нұрбалапан», «Ақбота», «Жадыра» балабақшаларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндерге қызықты ойындар ойнатып, мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

Жұлдыз АСҚАР