27.04.2016, 18:12
Қараулар: 10
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

13055846_1587705244874386_2797087397463875722_o26 сәуір күні Қазталов ауылдық округі әкімдігі мен аудандық жастар кеңесі және аудандық жастар ресурстық орталығы Чернобыль апатын жоюға қатысқан жерлестермен кездесу өткізді. Биыл Чернобыль апатына 30 жыл толып отыр. Бұл апаттың адамзатқа төндірген қаупінің қандай болғанын қазіргі күнде көзі қарақты адамдар түсінуде. Өйткені ядролық қоймалардың немесе оны өңдейтін зауыттардың айналаға аждаһа болып, өлім себері сөзсіз. Сондықтан бұндай апаттардан еліміз аман болсын дейік.
Кездесуде Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушылар Бекболат Ғазизжанов, Әлібек Жұмағалиев сол кез туралы әңгімеледі. Қазталов ауылдық округі әкімдігі атынан апат зардабын жоюшыларға алғыс хат табысталып, дендеріне саулық тілеген лебіздер айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП