27.04.2016, 18:09
Қараулар: 10
«МАЙМЫЛСЫҢ!» — ДЕП ЕКІ КҮНГЕ ҚАМАЛДЫ

«МАЙМЫЛСЫҢ!» — ДЕП ЕКІ КҮНГЕ ҚАМАЛДЫ

Адам баласы шатасайын десе аяқ-асты емес пе? Тап осындай шатасу Бостандық ауылында орын алды. Отызында орда бұзар А. деген азамат шынының ішіндегі «мөлдір суға» қанып алып, ол аз болғасын ауылдың қақ ортасында тұрған «Мөлдір» дүкеніне бет бұрады. «Мөлдір» дүкенінен Г-ден қарызға «мөлдіреген су» сұрайды. Ақылы бірде кіріп, бірде шығып тұрған А-ға қайдан қарызға бере қойсын? Ашудан қаны басына шапқан А. Г-ні «ата-тегіне» теңеп бір тастайды. Былайша айтқанда, «маймылсың!», — дейді. Бұндай сөзге кім шыдасың? Оның әрекеті құқық қорғау органдарына хабарланады.
Нәтижесінде А. ӘҚБт-К-нің 434 – бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін 2 (екі) тәулік әкімшілік қамауға алынды.

(Материал Қазталов аудандық сотынан алынды), (ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ)

 

Әсем БОЛАТ