27.04.2016, 18:08
Қараулар: 23
«ЖАС ҚЫРАН» ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

«ЖАС ҚЫРАН» ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

13041436_1587187291592848_7529966876772320545_oБүгінгі таңда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттауда мектептерде оқытылатын алғашқы әскери дайындық пәнінің берері мол. Осы орайда 25 сәуір аудан орталығындағы «Достық» саябағында Алма Оразбаева атындағы мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Жас қыран» әскери-патриоттық сайысы өз жалауын көтерді. Ұйымдастырылған шараға ауданымыз мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен 9-10 сынып оқушылары қатысуда. Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұрлан Нұрғалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин және А.Оразбаева атындағы мектебі директорының міндетін атқарушы Інжумаржан Ғазизова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сайысқа аудандық қорғаныс бөлімінің және №2036 әскери бөліміне қарасты шекара заставасының қызметкерлері қатысып, төрелік етуде.

Қайрат ЖАҚЫП