27.04.2016, 18:04
Қараулар: 16
«ӨНЕРПАЗДАР» КОМАНДАСЫ ҚОРЖЫНДАРЫН ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСПЕН ТОЛТЫРДЫ

«ӨНЕРПАЗДАР» КОМАНДАСЫ ҚОРЖЫНДАРЫН ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСПЕН ТОЛТЫРДЫ

13083246_1587153778262866_5545396056371605245_nКеше ғана ауданда өткен «Жайдарман» ойынында Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің талантты оқушыларынан құралған «Өнерпаздар» командасы бас жүлдені қанжығаларына байлап, аудан әкімінің кубогін иеленген болатын. Осы өнерлі жастардың астарлы әзілдері мен ойын өрнектерінің шеберлігі көрерменге риясыз күлкі сыйлады. Міне, нағыз өнердің ортасында қайнаған талабы таудай талантты жастарымыз тағы да қоржындарын жеңіспен толтырды.
23 сәуір күні Жəнібек ауданының Жақсыбай ауылдық округінде Дуитов Миршат Еркінұлына арналған қайырымдылық кешіне орай «Жайдарман» ойыны өткізілді. Осы жарыста «Өнерпаздар» командасы ауданның намысын қорғап, ауыспалы кубокті иеленіп қайтты. Жарыста өнер көрсеткен Əлібек Сартөк, Нұргелді Камалидденов, Еркін Ерболат, Әли Қадержанов,Ниязбек Жумин, Айбек Ғазизовтер әлі де биік белестерді бағындырып, аудан намысын қорғап жүретініне біз сенімдеміз. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Жұлдыз АСҚАР