27.04.2016, 18:01
Қараулар: 9
«МЕНІҢ ӨНЕРЛІ ҰЖЫМЫМ» АТТЫ ВОКАЛДЫ ТОПТАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«МЕНІҢ ӨНЕРЛІ ҰЖЫМЫМ» АТТЫ ВОКАЛДЫ ТОПТАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

13029552_1586487928329451_2815055745412520743_o 13041253_1586487758329468_8628076824863769684_o 13086696_1586487164996194_5477907272166851201_o 13086931_1586487618329482_2817572681717468193_oСәуір айының басында басталған «Менің өнерлі ұжымым» атты вокалды топтар байқауы 23 сәуір күні өз мәресіне жетті.
Сәуір айының басында басталған байқауда «Балдәурен» «Ертегі» бөбекжайының, Жалпақтал «Қазпошта», Ғ.Молдашв, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің, Жалпақтал колледжі, аудандық киножүйесі мекемелері қатысқан болатын. Бүгінгі күні сол мекемелер «Тәуелсіздікті жырлаймыз» атты патриотық әндерден және еркін тақырыпта әндерін шырқады.
Әділқазылардың әділ бағалауларының арқасында «Бәлдаурен» бөбекжайы, аудандық киножүйесі, Жалпақтал колледжі үшінші орын алса, Жалпақтал «Қазпошта», «Ертегі» бөбекжайы екінші орындарды қанағат тұтты. Ал Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің ұжымы бірінші орын алса, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ұжымы бас жүлдені және «Алтын микрофонды» иеленді.
БАРЛЫҚ ҚАТЫСҚАН ӨНЕРЛІ ҰЖЫМҒА ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ