27.04.2016, 17:56
Қараулар: 11
БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

13063309_1586473448330899_4328392072661854268_o23 сәуір күні Қараөзен ауылдық округінің мектеп-лицейінің спорт залында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған 2001-2003 жылы туылған және 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир оздырылды.
Ашық турнирге облыстық спор интернат, Орал қаласы, Теректі ауданы және ауданымыздың Жаңажол, Қараөзен, Қазталов ауылдық округтерінің, Жас елді мекендерінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында ауыл әкімі Бауыржан Қобдолұлы, мектеп-лицей директоры Мәншүк Жексенова, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбайұлы, аудандық мәдениет, тілдірді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ербол Аяпов сөз сөйлеп балуандарға сәттілік тіледі. Осы жарысқа Мұар ағамыздың шәкірті Артур Үмбетқалиев қатысты.
Бір өкініштісі облыстық ашық турнирге маманын жібергенінше сала басшысының өзі қатысқаны және осы салаға жетекшілік етіп отырған басшылардың қатысқан жақсы бола деген ойдамын.
Жарыстың қорытындысы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланатын болады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ