27.04.2016, 17:54
Қараулар: 27
«ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙМЫН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙМЫН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

13063068_1585961478382096_7796240267001846305_o 13064702_1585962028382041_7261117115318714818_o22 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты фестиваль жалғасын тапты. Фестивальді аудандық орталық аурухана, аудандық туберкулезге қарсы аурухана, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің қызметкерлерінің бірігуімен көрерменге керемет кеш сыйлады.
Кешті «Тәуелсіздік» әнімен тербеткен Лаура Құсайынова өзінің нәзік те әдемі дауысымен қалың көрерменнің көңілінен шығып жатты. Сондай-ақ өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен батыр ағаларымыздың ерліктеріне арнап Азидолла Жасқалиев «Біздің елдің жігіттері» термесі киелі домбырамен әуелеп жатса, Азамат Пшенбаев пен Бақытжан Нағымовтың орындауындағы «Жаса қазағым» әні көрермендердің туған елге деген рухтарын бір серпілтіп тастады.
Сахнада «Жастар биі». Иә, осы жастардың бойларыңнан Отанға, елге деген патриоттықты байқайсың. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, шынайы жүрекпен жеткізген жастардың биі «қазақ» деген елімді сүйемін әрі мақтанамын деген сезімді білдірді. Осы сәттерден кейін арман қала Астанаға арнап Ләззат Хайрушева ән орындағанда әсем қаланың әсем бейнесі әсем дауыспен жаңғырып жатты…
Сонымен қатар «Қазақ биі», «Орыс биі» (орындаған Ж.Айдарбекова), «Өзбек биі» өз ырғағымен биленіп жатса, Ж.Есмағұлованың «Ақ бидай», А.Бақытова мен А.Аяпбергеннің «Ақ халатты абзал жандар», жеке дауыста Ә.Тасболатов хор «Атамекен» әндері, Ж.Сатқанованың «Туған жер», Г.Қарсақованың «Тәуелсіздік тәтті үмітім едің сен» атты мәнерлеп оқулары көрермендердің көңілінен шықты.
Кеш соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева осындай керемет кеш сыйлаған мекеме, ұйым жетекшілеріне ризашылығын жеткізді.
«Тәуелсіздікті жырлаймын» атты өнер фестивальінің эстафетасы келесі мекемеге тапсырылды.

Жұлдыз АСҚАР