27.04.2016, 17:47
Қараулар: 5
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛМАЙДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛМАЙДЫ

13041048_1585934141718163_3318278819374541338_o22 сәуір күні Қазталов аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен және бақылаушы органдармен кездесу жиналысы өтті. Кездесуде аудан прокурорының орынбасары Адат Мұқанғалиев кәсіпкерлер құқын қорғау, оларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулар, құқықтарының бұзылмауы жөнінде айтып өтті.
Кездесуде аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Аманжол Нығметов, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы Талғат Хайдаров,- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қолдау және кәсіп иелерінің өз кәсіптерінде санитарлық — гигиеналық талаптарды орындау, тиісті заңдылықтарды сақтау жөнінде пікірлерін ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасы Нұретдин Құтхожин,- ауданымыздағы кәсіпкерлік саласының дамуына атқарушы органдар тарапынан әркезде де қолдау болып келе жатырғанын, алдағы уақытта да бола беретінін жеткізді.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА