27.04.2016, 17:45
Қараулар: 14
ЖАЛПАҚТАЛДА «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАЛПАҚТАЛДА «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

13041320_1585915858386658_3299858586573357099_o22 сәуір күні аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты акциясы оздырылды.
Шарада білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Шаканайқызы акцияның мән-мағынасын түсіндіріп, қамқорланушыларға жылы лебізін білдірді. Мұнан кейін қос білім ордаларының басшылары Гүлмайра Әбуғалиева, Салтанат Өтеғұлова да құттықтау лебіздерін жеткізіп, қариялардың дендеріне саулық тіледі. К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің жанындағы өнер бөлімінің ұстаздары ән-жырдан шашу шашты. Сонымен қатар кәсіподақ ұйым атынан қамқорланушылардың барлығына сый-сияпат табыс етіліп, қамқорлаунушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН