АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

«Болашаққа қаржы саламыз» акциясы жалғасын таппақ

Күні , 155 рет оқылды

12631330_1545847682393476_3084403985902999826_n26 қаңтар күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал колледжінің студенті Әлихан Сахиповты, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқушысы Мұрат Бажекеновты қабылдады. Бұл қабылдауға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы «Бақыты балалық» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы басталған болатын. Осыған орай аталмыш акция саяси ұйымның барлық филиалдарында жалғасын тауып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы есепшоттар ашылып, салымдар салынды. Ауыл әкімінің қабылдауында аудандық мәслихат депутаттары Мағауия Есмағұлов, Дулат Ихсанов екі балаға есеп шот ашып, Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша ақшалай салым иегерлері — жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Әлихан мен Мұратқа сертификаттарды табыс етті. «Бақытты балалық» партиялық жоба аясындағы шараның негізгі мақсаты — екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен балалардың жоғары білім алуына ықпал ету. -«Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білімге салынған инвестиция — болашаққа салынған қаржы» — деп атап өтті. Бұл білімге салынған инвестицияның араға жылдар салып еселеп қайтатынын меңзеп, ұрпақтың білімі мен ой-санасының ұшқыр болуы жолында ештеңе аямайтын елдің еңсесі биік екенін дәлелдейді», — дейді аудандық мәслихат депутаттары. Осындай қолдау білдіріп, көмек қолын созған ел ағаларына Әлихан Сахипов пен Мұрат Бажекенов өз алғыстарын білдірді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Тегтер: , ,

Пікір қалдыру


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.