АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

САҒИТ САДЫҚОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛМЕК

Күні , 248 рет оқылды

12662547_1547062475605330_833728459839698955_n29 қаңтар күні ауданымыздың тумасы, әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың 90 жылдығын аудан көлемінде атап өту жөнінде ұйымдастыру комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімі орынбасары Зәйлім Мәжитова, салалық мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты. Комиссия отырысына төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр биылғы жылды «Сағит Садықов» жылы деп жариялау жоспарланып отырғанын жеткізіп, шараны жоғары деңгейде өткізу мақсатында ұйымдастырылып жатырған жұмыстармен таныстырды. -Мерейтойды жоғары деңгейде өткізу — біздің басты мақсатымыз. Бұл елдігімізге сын – халықтық іс. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Яғни, жерлесіміздің өнері мен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау — баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы мақсатта, Сағит Садықовтың 90 жылдығы аясында өткізілетін шаралардың қоғамға маңыздылығын ескере отырып, баршаңыздың атсалысатындарыңызға сенім білдіремін, — деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр. Сонымен қатар мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова осы мерейтойға байланысты ұйымдастырылып жатырған жұмыс жоспарымен таныстырды. -Алдағы уақытта Сағит Садықовқа арнап кеудетұғыр орнатылып, аудан көлемінде сазгер әндерінен фестивальдар ұйымдастырылып, бейнефильм де түсіру жоспарлануда. Сонымен қатар баспасөз беттерінде естелік мақалалар жарияланып, Сағит Садықовтың халыққа әлі де таныс емес қырларын кеңінен ашып, таныстыруымыз керек, -деді Зәйлім Исатайқызы. Комиссия мәжілісі соңында қаралған мәселелерге сәйкес тиісті салалық мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Тегтер: , ,

Пікір қалдыру


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.