АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар – басты назарда

Күні , 222 рет оқылды

12650810_1547129215598656_7660551610769230802_nЕлбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»-атты Жолдауында: «Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және тағы басқа атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады» — деп атап көрсеткен болатын. Осы бағытта Жалпақтал ауылында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен. Қайырымды іс жасау, мейірімділік таныту, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – әрбір адамның азаматтық борышы. Осы орайда 29 қаңтар күні Жалпақтал ауылында «Қайырымдылық акциясы» оздырылды. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Нұрлы Химиденова, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің мамандары Айдана Серікқызы, Ерболат Сатыбалдиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Мира Амангелдіқызы, Жалпақтал аудандық ауруханасының медбикелері Райгүл Сәрсенғалиева, Қарлығаш Сапарова, Рабиға Жұмаева ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен 11 отбасылардың шаңырағында болды. -Осындай қайырымдылық шараларды ұйымдастырып тұру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Олардың қал-жағдайларымен танысып, қолымыздан келгенше көмек көрсету,-дейді Жалпақтал ауылдық аналар кеңесінің төрайымы. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар шешімін таппай жүрген мәселелерін айтып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Тұрарбек АҚМУРЗИН

Тегтер: , ,

Пікір қалдыру


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.