30.11.2015, 15:26
Қараулар: 36
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҮШІН

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҮШІН

12294619_1522279638083614_5755078283370069855_n24 қараша күні Қазталов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазталов, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Жәнібек аудандарының кәсіпкерлері өкілдерімен аймақтық кеңес өтті.

Кеңес жұмысын аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин кіріспе сөзбен ашып, кәсіпкерлермен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кеңесте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша аға прокуроры Ержан Мұхитов, Қазталов ауданы прокурорының орынбасары Адат Мұқанғалиев, Қазталов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиевтер атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарламалар жасады.
Атап айтқанда, кәсіпкерлер құқығын қорғауды қамтамасыз ету саласында, соның ішінде «Бизнес тірегі» және «ЕРСОП» жобаларын құқықтық статистика және арнайы есептер органдарының инновациялық мүмкіндігін таныстыру міндеті қойылып отыр.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі үшін жағдайды түбегейлі жақсарту жағында тексерістерді жүргізудегі жаңалықтар туралы түсініктемелер берілді.
Жалпы, өткізілген кеңес нәтижесі бойынша бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерістерді жою және құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік белсенділікті және бизнес жүргізу өсімі үшін жайлы жағдай құру күтіледі.
Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ12294800_1522279831416928_2623891726194224362_n