23.11.2015, 15:57
Қараулар: 39
100 қадам-қарышты даму жолы

100 қадам-қарышты даму жолы

Болашақты болжай білетін көреген саясаткер, елін сүйген Елбасының тәуелсіздігімізді алғаннан бері барлық буын өкілдеріне, ұлт өкілдеріне деген өлшеусіз қамқорлығын сезініп келеміз. Соның бір дәлелі-ғасыр жобасы деуге тұрарлық «Нұр Отан» партиясның XVI съезінде ұсынған Елбасының Ұлт жоспары — бес институционалдық реформасы-қарышты дамудың тың әрі серпінді қадамы деп білімен. Бұл салмақты реформаның басты бағыты-қоғамдағы заңның үстемдігін арттыру, экономикасы орныққан, болашағы бір тұтас мемлекет құру. Өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен реформа жоспарын Ұлт жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді. Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын», деген болатын.
Қараөзен ауылдық округі де осы шаралардың орындалуынан тысқары қалып жатқан жоқ. Елбасының «5 реформа және 100 қадам» Ұллтық жоспарын насихаттау мақсатында ауылдық кітапханада кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әкім аппаратының қызметкерлері, ұстаздар мен мектеп оқушылары, медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды. Ұлт жоспарын жүзеге асыру қажырлы, тынымсыз еңбекті қажет етеді. Сондықтан да оны орындап, іске асыру мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндет деп санаймын. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметтің қоғамның эталоны болуға бағыттайды.