12.10.2015, 11:40
Қараулар: 53
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

  • 9 қазан күні аудан орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орыны жәрмеңкесі өткізілді.
  • 12107927_1507054642939447_4030078673396748360_n
    Өткізілген жәрмеңкеде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, — жұмыс беруші ұсынып отырған жұмыс орындарына барынша орналасу мүмкіндігін пайдаланып қалыңыздар. Қазіргі күнде ауыл шаруашылығы саласына жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Ал одан келетін табыс та мол. Осы істі сіздер жалғастырсаңыздар тұрмыстарыңыз да жақсарары сөзсіз, — деді.
    Жәрмеңкеде 69 жұмыс орыны ұсынылды. Олардың ішінде малшы, кіші қызметкер, мұғалім, дәрігер басқа да мамандықтары бойынша сұраныстар болды.
    Гүлфия Көшбаева