10.08.2015, 15:31
Қараулар: 203
Өз кәсібін ашуда

Өз кәсібін ашуда

12095069_1506702089641369_5719005658819451230_oЕлімізде өндірістік әлеуетін дамуына, жаңа кәсіп ашуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Соның бір айғағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттен қаржылай несие алып, өз кәсібін ашып жатырған Қазталов ауданының тұрғындары көптеп саналады. Солардың бірі Қазталов ауылының тұрғыны Арайлым Қабылхайыр. Жуырда Кәсіпкерлер палатасының Қазталов аудандық филиалының қолдауымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 7674000 теңге несие алып, өз кәсібін ашты.

Арайлым жетекшілік ететін «Сабира» жеке кәсіпкерлігі «Көбікті бетон өндірісі» инвестициялық жобасын іске асырып, қызмет жасауда. Бұл өндірістің аудан көлемінде бірінші рет қолға алынып отырғанын атап айтуға болады. Үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып, «Көбікті бетон» тастарын жасап жатыр.
«Ауыл айнасы» ақпарат

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.