«Жас барыс» турнирі

12120050_1506353323009579_4389471189620923026_oҚазақ күресі – нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Қазталов ауданы палуандары талай байрақты додаларда топ жарып жүргені баршамызға аян.

Осы орайда 7 қазан күні аудандық спорт кешенінде мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі оздырылуда.

Ауданымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл турнирге ауылдық округтерден 50 тарта жас палуан қатысып, бақтарын сынауда.
Қайрат ЖАҚЫП