25.12.2020, 17:59
Қараулар: 67
МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ – ТАРАПТАРДЫ ТАТУЛАСТЫРУ

МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ – ТАРАПТАРДЫ ТАТУЛАСТЫРУ

2011 жылдың 28 қаңтарында дауларды шешудің баламалы тәсілі, жаңа түрі — медиация енгізіліп, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Бұл заңның біздің қоғамның мүддесін қорғауда атқарар рөлі зор. Медиацияны жүргізу тәртібі «Медиация туралы» Заңда белгіленген.

Медиация дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар кезінде туындайтын қатынастар бойынша қоладнылады.

Медиацияны кәсіпқой және қәсіпқой емес медиаторлар жүргізе алады. Медиация институтының дамуы сот істерін азайтып, қоғамдағы шиеленістердің тез шешілуіне септігін тигізетіндігі даусыз екенін дәлелдеп отыр.

Медиацияның туыстық, таныстық қарым-қатынасты сақтап қалуда ықпалы зор. Өйткені бітімгершілікпен ісін бітіргендер бір-бірімен ренжіспей, мәселені ұшықтырмайды. Талаптарының орындалмағанын айтып, бір-бірін кінәламайды.

Медиация сот жүктемесін азайту және сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы деп айтуға болады.

Медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқығын сақтауында. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы.

Аудандық сот тарапынан үгіт-насихат жұмыстарының үнемі жүргізілуінің нәтижесінде жыл сайын медиация рәсіміне жүгінетіндер саны артып келеді.

Осыған орай, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 1 қылмыстық іс,  9 азаматтық іс, 30 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралып аяқталды.

Дамиля Ажғалиева

Казталов аудандық сотының бас маман

                   сот отырысының хатшысы