8.12.2020, 11:19
Қараулар: 95
Кәсіпкерлікті қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау

Жалпы  Дүниежүзілік  Банктің «Doing Business»  рейтінгінде Қазақстаннның ұстанымын жақсарту қазіргі таңдағы басты назардағы мәселелердің бірі болып отыр. Оның ішінде кәсіпкерлікті ашуға, оны алға қарай дамыту бойынша мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуда.

Жалпы Дүниежүзілік  Банктің «Doing Business» индикаторларының барлығы  кәсіпкерлікті дамыту , дүниежүзілік рейтингте  Қазақстанның ұстанымдарын жақсартып, алға қарай дамыту болып табылады.  Оның ішінде «Кәсіпорындарды ашу» «Меншікті тіркеу» индикаторлары көп маңызға ие болып отырғандығын байқауға болады.

Жалпы «Бизнесті жүргізу» индикаторы деген ұғымға келетін болсақ, ол- дүниежүзі елдерінің  бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау  көрсеткіштерін жүргізу және оны глобальды талдау болып табылады. Ол Дүниежүзілік Банк методикасы бойынша есептеледі.

Осы орайда Әділет органдары бизнесті жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен , кәсіпкерлермен, ұлттық кәсіпкерлік палаталарының аумақтық өкілдерімен және ХҚКО қызметкерлерімен   дөңгелек үстелдер  және брифингтар,  кәсіпкерлерге   семинар- кеңестер  өткізіп, теледидарда сөйлеу және БАҚ мен ақпараттық сайттарда Заңды тұлғаларды тіркеудегі өзгерістерді тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр .

Дамыған 30 елдің қатарына енe үшін біздің елде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы бағытта кәсіпкерлікке  оң жағдай жасап, бизнес жасауға кедергі келтіретін жағдайларды мейлінше азайтуға ерекше мән берілуде.

Қазіргі нарық талабы мен  халықаралық тәжірибелер ескеріле отырып, кәсіпкерлерге құқықтық жағынан қолдау көрсетіліп , кәсіпкерлікті оңтайландыру бағытында жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдануда.

Осыған дәлел, 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік Кодексі» қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, қолданысқа енген болатын. Бұл  құжат- бизнес саласындағы қоғамдық қатынастарға, оның ішінде кәсіпкерлермен  пен мемлекеттің өзара іс-қимылына байланысты  туындаған қажеттіліктің белгісі болып табылады.

Аталған Кодекстің негізгі мақсаты- бизнесті жүргізу оңтайлы жағдай жасау , инвестиция ағынын ынталандыру, еліміздегі кәсіпкерліктің барлық түрін қолдау болып табылады және маңызы зор құжатқа қолданыстағы бизнесті реттейтін көптеген заңдар біріктірілген.

Кәсіпкерлік кодексі кәсіпкерлік еркіндігін қамтамсыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді  айқындап , кәсіпкерлік субъектілері мен мен мемлекеттің өзара іс-қимылына , оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге  және қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Яғни, осы қағидаттардың негізінде кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет өзара әрекет ете алады.

Э.Кайсағалиева

Казталов ауданаралық

Әділет басқармасының басшысы