11.11.2020, 17:25
Қараулар: 156
АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ ХХХІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ ХХХІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

10 қараша күні аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының ХХХІ конференциясы өтті. Конференцияда күн тәртібінде 4 мәселе бекітіліп, қаралды.

Конференцияның алғы сөзін «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин алып, делегаттарды конференцияның жүру барысымен таныстырды. Таныстырылымнан соң күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Казталов аудандық филиалы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бекітілді. Конференцияның күн тәртібіндегі кезекті мәселе шеңберінде Обылыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген 4 кандидат арасында пікірсайыс оздырылып, делегаттардың дауыс беруі арқылы жоғарғы дауысқа ие болған кандидаттар «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облысының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімге өтті. Сонымен бірге конференция аясында «Nur Otan» партиясынан Казталов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі қабылданды және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVI конференциясына делегеттар сайланды.

Конференция санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіліп, делегаттардың мақұлдауымен қаулы бекітілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат