ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы — бұл АИТВ -пен зақымдалғаннан кейін иммундық жүйенің жеткіліксіз жұмысынан пайда болатын аурулардың жиналуы.
АИТВ — адамның иммунтапшылығы вирусы, адамның иммундық жүйесін зақымдайды,оның нәтижесінде инфекциялық , саңырауқұлақ және ісік аурулар туындауы мүмкін.
АИТВ инфекциясының алғашқы кезеңдегі белгілері:
— лимфа түйіндерінің улкеюі;
— бірнеше күн бойы дене қызуының 37-38 0С шамасында жоғарлауы және ұзаққа созылуы;
— салмағының төмендеуі;
— диарея (ішінің өтуі);
— шамадан тыс терлеуі;
— созылмалы суықтап ауруы;
АИТВ қалай жұғады:
— АИТВ — ны жұқтырған адамның қанын және қанның құрамын құйғанда;
— АИТВ -ны жұқтырған адаммен қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде;
— Шприцтерді ,инелерді, ыдыстарды,сүзгіштерді,тартқыштарды және инекциялық есірткіні тұтыну барысында қолданылатын басқа да бейімделген заттарды бірлесіп және қайталап қолданғанда;
— АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік кезінде , босанғанда және емізгенде;
— Қанның қалдығы жұққан бөтен адамның қырынатын заттарын , тіс щеткасын қолданғанда жұғады.
АИТВ қандай жағдайда жұқпайды?
- достық қол алысу кезінде;
- сүйісу, құшақтасу кезінде;
- ортақ кітаптарды ,қалам мен басқа да тұрмыстық заттарды қолдану кезінде;
- ортақ дәретхана ,бассейнды қолдану кезінде ,себебі сілекей зәр арқылы берілмейді;
- ортақ автокөлікті пайдалану кезінде;
- маса,кене, тарақандар мен басқа да жәндіктердің шағуы кезінде;
- жөтелу ,түшкіру кезінде;(ауа арқылы)
Адам АИТВ жұқтырғанын қалай біле алады?
— АИТВ -ті жұқтырғанан кейін қанда пайда болатын антиденелердін қанның арнайы анализі кезінде табуға болады. Антиденелерді табу адамның АИТВ -ны жұқтырғанын көрсетеді. Алайда ,антиденелер қанда АИТВ -ны жұқтырғаннан кейін 3-6 айдан соң ғана табылуы мүмкін , сондықтан кейбір кезде АИТВ -ны жұқтырғанына бірнеше ай болған адам қанының анализі теріс нәтиже көрсетеді.АИТВ -ны жұқтырған кезде көптеген адамдар ешқандай симтомдарды байқамайды.АИТВ -ны жұқтырғаннан кейін адам ұзақ жылдар бойы өзін жақсы сезінуі мүмкін. Бұл кезең жасырын (латентті) сатысы деп аталады.
Бүгінде вирусқа қарсы дәрілер бар , олар вирусты бақылауға алып және АИТВ инфекциясының ЖИТС -қа ауысуын тежейді.
Алдын алу әрекеттерінің міндеттері — адамды АИТВ және ЖЖБИ жұқпалы ауруларынан арылтуға мүмкіндік туғызатын іс-әрекетке баулуға, яғни адамдарды ұзақ мерзімге іс- әрекетін қауіпсіз ете отырып, өзгертуге ықпал жасауға көмектесу болып табылады.
Казталов аудандық аурухансының СӨСҚ медбикесі Лаура Габбасова